САРЫСУЛЫҚ ҚАРИЯЛАР ЗЕРЕНДІГЕ АТТАНДЫ

251
«Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деген қанатты сөз бар. Бәріміз білетін және жиі айтатын бұл сөз – халқымыздың қадірлі ұғымының бірі.
Ауданымызда ардагерлерді ардақтау, қазыналы қарияларды қадірлеу, құрмет көрсету еш толастаған емес.
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытовтың қолдауымен сарысулық 14 ардагер Ақмола облысындағы «Зеренді» демалыс орталығына демалып қайтуға аттанды.
Қарияларды таңертең аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы өзі шығарып салды. Табиғаты тамаша жерде жақсы саяхаттап, демалып қайтуларына тілектестігін білдірді.
Аудан ардагерлері де сөз барысында үлкен құрмет көрсетіп, қолдау білдіріп, тағылымы мол шараны ұйымдастырып отырған аудан әкіміне алғыстарын білдірді.
Мұнан соң аудан өнерпаздары домбыра, баян, гитараның үнімен ардергерлердің көңіл-күйін көтеріп, әуелете ән шырқады.
Ықылас пен құрметке көңілдері марқайған қариялар көтеріңкі көңілмен Зерендіге аттанды.
Айта кету керек, аудан әкімдігі қарияларымыздың барып-қайтуына демеушілік танытып, қолдау білдірсе, жерлесіміз, «Зеренді» демалыс аймағының директоры Бауыржан Қонысбекұлы ардагерлердің демалуына мүмкіндік жасап, жолдама беріп отыр.
Туған жердің көркеюіне үлес қосуды перзенттік парызы санаған Бауыржан ауданға жиі келіп, игілікті шараларға ат салысып тұрады.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.