Перзенттік парыз

100
1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков ауданымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Лавреньтевна Бурулеваны құттықтауға арнайы атбасын бұрды.
Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан бейбіт күнде Ұлы Жеңісті жақындатқан жеңіс сарбаздарын сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз!
Жауынгер ардагермен емен-жақын отырып әңгімелескен аудан әкімі Нұрбол Әбдімәжитұлы: «Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз ғасырлар бойы жасай береді. Өйткені, Сіздер кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын қорғап қалу арқылы өздеріңіздің азаматтық және ұлт алдындағы перзенттік парыздарыңызды абыроймен орындап шықтыңыздар. Сіздердің қайыспас қайсарлықтарыңыз бен Отанға шынайы берілген патриоттық сезімдеріңіз қазақстандық жас ұрпақтар үшін әркез үлкен өнеге болмақ»- деді.
Мереке қарсаңында көңілі көтеріліп, жарқын әңгімелескен ардагер аудан басшысының ыстық ықыласы үшін ризашылығын білдірді.
Талас аудан әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.