САРЫСУЛЫҚ АНАЛАР АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС АЛҚАМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

78
Ана – тіршіліктің алтын арқауы. Асыл ананың қадірі туралы ұлағатты сөздер жеткілікті. «Жәннат – ананың табанының астында» — деген даналықтың астарында теңіздей терең мағына жатқаны баршамызға белгілі.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Алтын» және «Күміс» алқа мемлекеттік наградаларды тапсыру шарасы өтті. Мемлекеттік награданы аудан әкімі Сәкен Мамытов салтанатты түрде табыстап, әрбір отбасының ұйытқысы әрі берекесі болып отырған алтын құрсақты аналарды марапаттарымен құттықтап, алғысын білдірді.
Марапатталғандар қатарында 4 ана алтын алқа тағынса, 13 ана күміс алқаға ие болды. Жалпы аудан бойынша бүгінгі таңда 1767 «алтын құрсақты» аналар бар, оның ішінде 716 ана «Алтын алқа» және 1051 ана «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған.
Батыр аналарымыздың саны — 134.

Leave A Reply

Your email address will not be published.