САРЫСУЛЫҚ АНАЛАР АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС АЛҚАМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

173
Ана – тіршіліктің алтын арқауы. Асыл ананың қадірі туралы ұлағатты сөздер жеткілікті.

«Жәннат – ананың табанының астында» – деген даналықтың астарында теңіздей терең мағына жатқаны баршамызға белгілі.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Алтын» және «Күміс» алқа мемлекеттік наградалары аудандағы 6 анаға табысталды.
Мемлекеттік награданы аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев салтанатты түрде өзі табыстады.

Әрбір отбасының ұйытқысы әрі берекесі болып отырған алтын құрсақты аналарды марапаттарымен құттықтап, алғысын білдірді.
Марапатталғандар қатарында 3 ана алтын алқа тағынса, 3 анамыз күміс алқаға ие болды.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.