Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының еңбек мобильдік орталығының 2023 жылдың 2 қыркүйегіндегі №533 бұйрығына сәйкес Сарысу аудандық мансаптық орталығының филиал директоры болып Борсықов Дүйсенәлі Қыдырәліұлы тағайындалды.
Аудан әкімі Сәкен Мамытов пен «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Алибеков Серік Айдарұлы ұжымға жаңа басшыны таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Борсықов Дүйсеналі Кыдырәліұлы 1967 жылы 10 қаңтарда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түркістан ауылында туған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары
1989 жылы Түркістан қаласындағы индустриалды педагогикалық техникумын «техник-механик және өндірістік оқудың шебері» мамандығы бойынша, 2009 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «кәсіптік білімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Түркістан ауылында М.Әуезов атындағы орта мектебінде нұсқаушы, еңбек пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2001-2007 жылдары М.Әуезов атындағы орта мектебі еңбек пәнінің мұғалімі, 2007-2013 жылдары аталған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2013-2016 жылдары М.Әуезов атындағы орта мектебі директорының оқу, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2016-2019 жылдары Түркістан ауылдық округінің әкімі, 2019-2023 жылдары Жаңатас қаласының әкімі қызметтерін атқарды. Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі