Көктемгі дала жұмыстарына аудан көлемінде 47 шаруашылық қатысуда. Бүгінгі таңда 3500 га жер айдалып, 3000 га астам алқапта жаздық арпа және көпжылдық шөп (жоңышқа) дақылдары отырғызылды.
Егіс егу жұмыстарына 780 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. (Оператор ЖК «Сарыпбекова»). Тарату бағасы 212 теңге/литр. Қазіргі таңда операторға 603,1 тонна дизель жеткізіліп, 405 тонна дизель отыны шаруашылықтарға таратылды.
Көктемгі жер жырту жұмыстарына 18 дана К-700 тракторлары, 8 дана Т-150 тракторлары, 5 дана шынжыр табанды ДТ-75 тракторлары және 12 дана ауыр Белорусь 1221, Ловол 1304 және YTO тракторлары, 45 дана соқа, 28 дана дискілі тырмалар, ал егу жұмыстарына 70 данаға жуық түрлі қуаттағы дөңгелекті тракторлар, 64 дана дәнсепкіш (сеялка) қатысуда.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі