Тұрғындар мен билік арасындағы байланыстың бір көрінісі – есептік кездесу. Өйткені мұнда халық өңірдің дамуы, экономикалық жетістіктер мен алдағы жоспарлар туралы мәліметтерден хабардар болады. Сондай – ақ өздерінің ұсыныс-талаптарын ортаға салуға мүмкіндік бар.
Бүгін аудан әкімі М. Сұлтанғалиев Жайылма ауылдық округіне қарасты Қызылдихан ауылының тұрғындарымен кездесті.
Жиын барысында Жайылма ауылдық округінің әкімі Ж. Смағұлов 2022 жылы ауылдық округте атқарылған жұмыстарды айтып, алдағы атқаратын жоспарлы жұмыстарымен бөлісті.
Ауыл тұрғындарының тұрмысын арттыру – бүгінгі күннің басты талабы. Ал, оның бірден бір жолы, қосалқы шаруашылыққа қолдау көрсетіп, дамыту.
«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасы бойынша өткен жылы ауданда Жайылма ауылдық округі таңдалған болатын.
Жобаның мақсаты ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту үшін үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану, үй ауласында мал және құс өнімділігін арттыру, ауыл сыртындағы жерлерді ұтымды пайдалану, сол арқылы жем-шөп және жайылым мәселесін шешу, кооперативтер құру арқылы қосалқы шаруашылықтарды дамытуға бағытталған өзге де мәселелерді шешу және ауылдағы шағын жобаларды қаржыландыру. Негізінен, жоба аясында жергілікті халыққа 2,5 пайызбен несие берілді.
Ауылдық округ әкімі осы бағыттағы атқарылған жұмыстарға да арнайы тоқталды.
Аудан әкімі М. Сұлтанғалиев ауылдық округ әкімінің есебін тыңдағаннан кейін, ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына тоқталып, сонымен қатар, Жайылма ауылдық округіндегі көтеріліп жүрген мәселелерді талқылады.
Жиын барасында ауыл тұрғындары ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Шешімін күткен мәселелер сөз болды.
Аудан басшысы мәселенің мәнісіне үңіліп, мұқият талқылап, шешілу жолдарын түсіндірді.
Кездесу жиынынан кейін аудан әкімі М. Сұлтанғалиев ауыл тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдап, қабылдау өткізді.