Сарысуда сенбілік жұмыстары жүргізілді

125
Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Мамытов қала әкімі мен жауапты мамандармен бірге қаладағы тазалық жұмыстарын аралады.
Наурыз айынан басталған сенбілік жұмыстарына мекеме қызметкерлері, белсенді жастар қатысуда.
✅Әр мекемеге өздеріне бөлінген көшелер мен аулаларда тазалық жұмыстарын жүргізіп, саябақтар мен арықтардың қоқыстарын шығару тапсырылған.
Сәкен Үмбетұлы арық-атыздардың, қоқыс орындарының, мекемелерге бөлінген көшелердің тазалығын түгел қарап шықты.
⤴️Аралау барысында тазалыққа немқұрайлы қараған, сенбілік жұмыстарына шықпаған мекемелер анықталып, басшылары белгіленген орынға шақыртылып, ескерту берілді.
Сонымен бірге, қала әкімі мен коммуналдық сала мамандарына бір апта ішінде тазалық жұмыстарына тұрғындарды тартып, ортақ жұмысты үйлестіру қажеттігін ескертіп, талдарды әктеп, Жаңатас-Тараз, Жаңатас-Байқадам жолдарының бойына тазалық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Сенбілік барысында 250 павлония мен 100 түп сирень ағаштары отырғызылды.
✅Бүгінгі сенбілікке қала бойынша қатысқан мекеме саны — 39, қатысқан адам саны —398, шығарылған қоқыс —2,9 тонна, тазаланған арық — 445 метр.
✅Сенбілік барлық округте жалғасты.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.