Сарысуда «Рfizer» вакцинасын ерікті түрде қабылдаушылардың қатары артты

214

Сарысу ауданында «Pfizer» вакцинасын ерікті түрде қабылдаушылардың қатары артқан. Бүгінде ауданға балалар мен жүкті және емізулі сәбиі бар әйелдерге арналған вакцинаның 1500 дозасы жеткізілген.

Жалпы аудан бойынша 6 вакцина егу пункті ұйымдастырлған. 2021 жылдың 28 желтоқсанындағы жағдай бойынша «Pfizer» вакцинасын ауданда 689 адам ерікті түрде салдырған.

Сондай-ақ, ауданда ересектерді ревакцинациялау жұмыстары да жүйелі жүруде. Азаматтар соңғы екпе алған уақыттан 6 ай мерзім өткенде «KazVak», «HayatVak», «СпутникV» вакцинасының үшініші компонентін қабылдауға толық мүмкіндіктері бар.

Сондай-ақ, ауданда екпе салу бойынша ата-аналарға түсіндірме жұмысын жүргізу үшін құрамында жергілікті амбулатория дәрігерлері мен психолог-социолог мамандары бар ақпараттық топ құрылған.

Айта кетейік, жалпы халықты тіркеу жүйесі (РПН) бойынша ауданда екпе алуға жататын азаматтар саны 5 мыңнан асып жығылады. Олардың ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны – 4 723 болса, 16-37 апталық жүкті әйелдер саны – 313 адам. Сондай-ақ, бұл санатқа 175 бала күтімімен отырған ана кіреді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.