Сарысуда Мемлекет басшысының тапсырмалары орындалуда

192
Ағымдағы жылдың 30 маусымында Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өткізілген болатын. Президент Ішкі істер министрлігі мемлекеттік басқару жүйесінде айрықша рөл атқаратын құрылым екенін атап өтіп, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу аса маңызды міндет саналатынын айтып, біршама тапсырмалар жүктеді.
Сарысу аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында Мемлекет басшысының алқа мәжілісіндегі жүктеген міндеттері мен «Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында аудан әкімі Сәкен Мамытов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жиынды аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Асхат Алметов жүргізіп, полиция бөліміне жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуында жергілікті әкімдіктің ықпалы көп екенін жеткізді. Сонымен бірге, тұжырымдамадағы 7 бөлім, 19 міндет бойынша ауданда атқаруға тиіс мәселелер бойынша баяндама жасап, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған қоғамдық орындардағы модульдік бекеттер, учаскелік пункттер, сервистік орталықтардың жұмысын жүргізу үшін аудан басшысының қолдауы мен көмегі қажет екенін жеткізді.
АПБ бастығы сондай-ақ сервистік модель аясында полицияның халықпен өзара іс-қимылы ең алдымен ішкі істер органдарына деген сенімге негізделуі үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.
Аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған цифрландыруды одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Сергек» камерасын іске қосу бойынша жергілікті бюджеттен тиісті қаражаттың бөлінетіндігін айтты. Сонымен қатар, аудандық полиция ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу үшін қажетті құжаттарды реттеуді тапсырды.
Бүгінгі таңда ауданда 14 учаскелік полиция пункті бар.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.