Кеше донор болуға ықылас білдіргендердің қатарында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев те болды.
Аудан әкімі керекті қанды қажет ететін жандар үшін қан тапсырып, бір адамның өмірін болсын ұзартуға өз септігін тигізді.
Өз кезегінде Марат Қырғызәліұлы: «Өмірде әртүрлі жағдайлар орын алады. Адамдар мүмкіндігінше бір-біріне көмек көрсетуден бас тартпауы керек» екендігін жеткізіп, сарысулықтарды қан доноры болуға шақырды.
Жамбыл облыстық қан орталығы ұйымдастырған істі игі дәстүрге айналдырған аудан тұрғындары талай адамның өміріне араша түспек.
Статистика бойынша өмірінде әрбір үшінші адам қан құюға мұқтаж болуы мүмкін.
Қазіргі уақытқа дейін 50 тұрғын ерікті түрде қан тапсырып үлгерген.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі