Сарысулық кәсіпкерлер «Enbegi jangan arular» іскер әйелдер форумына қатысты

137
Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен экономикаға үлкен үлес қосып келе жатқан нәзік жандылардың бас қосуымен кәсібінің нәсібін тапқан әйелдердің мәртебесін көтеру, кәсіпкерлік саласын дамыту саясатын іске асыру секілді міндеттерді көздейтін «Enbegi jangan arular» облыстық іскер әйелдер форумы өтті.
Форумның модераторлары «Анаға тағзым» орталығының басшысы Эльмира Мырза-Ғали, ардагер ұстаз Камилаш Ахметжанова, «Лучшая инвестиция» консалтингтік орталығының басшысы Айнур Заурбекова, «NgreeProkz» продюсерлік орталығынң басшысы, «Good maker» ЖШС басшысы Амина Қайназарова, «Әл-Фараби» атындағы орта мектебінің директоры Айнур Жексембинова арнайы баяндама жасап, қыз-келіншектер қолға алған кәсіпкерлік істердің жетістігі мен қиындық тұстар жайлы ой бөлісіп, формуға қатысушылардың жетістіктерін кейінгі жастарға үлгі етіп, кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беру маңызды екенін атап өтті.
Әйелдер көшбасшылығы және кәсіпкерлік, ресурстардың қолжетімділігі бойынша диалог алаңдары құрылып, сарапшылар мен спикерлердің әйелдер көшбасшылығын құрметтеу тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды.
Форумға кәсіпкерліктің әр саласында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер қатысып, ел экономикасының белсенділігін арттып жүрген арулар арнайы номинациялармен марапатталды.
Атап айтсақ, Сарысу ауданынан асыл тасты зергерлік бұйымдарды сатумен айналысып, көптеген қайырымдылық шараларына қолдау көрсетіп келе жатқан кәсіпкер Раушан Ашимова «Отбасылық бизнес» номинациясымен марапатталса, «Ана даңқы» номинациясын ағылшын тілін оқыту орталығын ашқан Маржан Орынбасар иеленіп, 100 мың теңгелік сертификатпен марапатталды.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.