Сарысу ауданында шаруаларға жаңа техникалар берілді

75
Жамбыл облысы Сарысу ауданында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл шаруашылығы кооперативіне 3 трактор, 7 қосалқы техника алынды
Аталған жобаның 2 кезеңі Жайылма ауылдық округінде іске асырылуда. Округте 573 аула, 3814 адам бар. Жоба аясында жалпы соммасы 925,0 миллион теңгеге 514 ауланы қамту көзделген. Қазіргі таңда «Nurtileu» ауыл шаруашылығы кооперативіне 3 трактор және 7 қосалқы техникалар жеткізілді. Алдағы уақытта шаруашылыққа 1 дана комбайн және 9 қосалқы техника жеткізілетін болады.
Жалпы Сарысу ауданында кооперативті жабдықтауға 20 дана ауыл шаруашылығы техникасын алу жоспарланған. Олардың ішінде 3 дана трактор, 1 дана прицепті комбайн және 16 қосалқы құрылғы бар.
Еске сала кетейік, ауылды жердің шаруашылығын дамыту мақсатында әзірленген «Ауыл аманаты» жобасы 5 бағыт бойынша іске асырылуда. І бағыт Үй іргесінде егістік жерлерді игеру, ІІ бағыт. Ауладағы мал шаруашылығын дамыту, ІІІ бағыт. Ауыл сыртындағы егістік жерлерді игеру, ІV бағыт. Құрылған кооперативті жабдықтау, V бағыт. Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін халыққа 2,5 пайызбен несие беріліп жатыр.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.