Сарысу ауданына 95 жыл

134
Шу өзенінің іргесіндегі үш ауылдың тіршілігімен де таныса отырайық, достар.
ТӨМЕНГІ ШУ БОЙЫНДА…
… Төменгі Шу бойы киелі өңір. Осы бір мекен туралы аңыз да, әңгіме де көп. Аңызды қоя тұрып, ақиқатты сөз етсек мұнда өзеннің арғы бетінде Қуарал деген жерде ұлы қобызшы Ықылас Дүкенұлының денесі жатыр. Қайран баба ұрпағын бір ғасырдан аса рухымен жебеп жатқандай…
Ашаршылықта Арқадан ұлы шұбырындыға үшыраған қалың елдің бір бөлігі Шудан өтіп, Қаратаудың теріскейіне аман жеткені, одан кейінгі қуғын-сүргін аласапыраннан аман шығуы баба рухының жебегені шығар.
Кеңес заманынында «Сарысу», «Шығанақ», және «Қамқалы» совхоздарының мал шаруашылығымен дүрілдеуі де, кешегі тоқырау мен өтпелі кезеңде аудан орталығынан 200 шақырымнан аса қашықтықта жатып қиыншылықты еңсеруі де кісіні таңғалдырмай қоймайды.
Илья Жақанов ағамыз «Жайлаукөл кештері» атты ғажап ән шығарып, сол әннің құдіретімен Жайлаукөлге облыс орталығындағы жоғары оқу орындарының студент-жастарының ағылуы ше…
Бір қоғамнан екінші қоғамға өтіп жатқанда да төменгі Шу бойының халқы аш құрсақ қалған жоқ.
Аң аулап, Шығанақ көліне қармақ салды. Ракета сынығын жинады. Қамқалының тұз кендерін игерді. Жайлаукөл маңындағы қызыл тасты пайдаға асырды.
Әрине аға ұрпақ өкілдері ата қоныс, туған мекенді қимай сонда қалып, малдың көзін жоғалтпады.Құдайға шүкір, бүгінде төрт түліктен жер қайысады.
Үш совхоздың негізінде құрылған Қамқалы ауылдық аймағы шалғай өңірде жатып-ақ өркениетке бой түзеген ұлы көштің ортасында келеді…
Амангелді Әбіл
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Қазақстанның Құрметті журналисі

 

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.