САРЫСУ АУДАНЫ «АУЫЛ-CLUB» ОБЛЫСТЫҚ ART- ТИМБИЛДИНГІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

26
Өткен аптада Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы және Талас ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Майтөбе ауылының баурайында өткен ауылдық клубтар арасындағы Art-тимбилдинг өткен болатын.
Екі күнге сощылған байқауға 4 ауданның өнерпаздары шығып, өз өнерлерін ортаға салды.
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Талас ауданы жеңіп алды. І орын Байзақ ауданына, ІІ орын Меркі ауданы, ІІІ орын Сарысу ауданына бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай арнайы марапаттады. Басқа да ерекше өнер көрсеткен командалар ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Осылайша, екі күнге созылған «Ауыл-Club» Art-тимбилдингі ауыл мәдениетінің жаңа тынысын ашып, шығармашыл жандардың басын қосқан игі алаңға айналды.
Байқауда жүлдегер атанған сарысулық өнерпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.