Самбодан ӘЧ: Қазақстан құрамасы қанша медаль алды?

557

Бухарест қаласында самбодан ересектер арасында мәреге жеткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қос алтын, бір күміс, үш қола жүлдеге ие болды.

Жарыстың соңғы, үшінші күні қос бірдей балуанымыз әскери самбодан жүлдеге ілікті. 68кг салмақта Нұргелді Қиялбеков финалға дейін қамшы салдырмай жетті. Нұргелді соңғы бәсекеге шықпағандықтан, чемпиондық атақ ресейлік Шейх-МансурХабибулаевқа берілді.

Сондай-ақ, 52 кг салмақта Нүркен Домбаев қола жүлдеге қолжеткізді.

Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күні БҚО өкілі Нұрбол Серіков самбодан 68 кг салмақта чемпион атанса, тағы бір қазақстандық Серікжан Түсіпов (57 кг) әскери самбодан қола жүлдеге ие болды.

Содан кейін сенбі күні Батыс Қазақстаннан барған Темірлан Ихсанғалиев 82 кг салмақта әскери самбодан жеңіс тұғырына көтерілді. Әйелдер арасында Гүлнұр Ерболова (52 кг) ғана жүлдегерлер қатарынан көрініп, үшінші орынды иеленді.

Чемпионат қорытындысында медальдар саны бойынша Ресей құрамасы әйелдер мен ерлер арасында, сондай-ақ әскери самбодан көш бастады. Қазақстандықтар әскери самбодан Ресей мен Украинаны алға салып, үздік үштікті түйіндеді.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.