Жастар жылы аясында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 түзету мекемесінде жазасын өтеуші азаматтармен «Алкоголь мен есірткі тұтыну зардаптары» тақырыбында кездесу өтті.
Басқосуға Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Талас Бақтиярұлы, облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігері Бакир Таштемиров және аталған департаменттің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыс тобының бас маманы Әлібек Алдияров қатысты.
Жиын барысында қатысушыларға ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасында құзырлы орган өкілдеріне бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру міндетін жүктегенін, нәтижесінде елімізде есірткі саудасымен айналысатындардың жолына тосқауыл қою мақсатында тиісті шаралар жүзеге асырылып жатқаны туралы толыққанды ақпарат берілді. Басқосу соңында мамандар сотталған азаматтар тарапыпан қойылған сұрақтарға жауап берді.
ЖД-158/4 мекемесі