«Облыстық волонтерлар Байзақ блок-бекетінде болды» — деп хабарлайды Жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметі.
⠀
Волонтерлар ТЖ кезіндегі қойылған талаптар мен іс-қимылдар туралы жазылған және COVID-19 пандемиясының алдын-алу шаралары көрсетілген үнпарақтар таратты.
⠀
Жастардың жаңа бастамасы облыста құрылған 16 блок-бекетте бүгіннен бастап іске асырылуда. Жұқпалы аурудың таралуына жол бермеу үшін жүргізушілерді, жолаушыларды және автокөліктерді тексеру мақсатында құрылған блок-бекеттерде полиция қызметкерлерінің жұмысы күшейтілген тәртіпте жүргізіліп жатыр.
⠀
Осы орайда, облыс волонтерлары автокөліктердің кезекте ұзақ тұрмауы үшін және кептеліс тудырмас үшін полиция қызметкерлеріне көмектесіп, ол кісілердің жұмысын жеңілдетуге өз үлестерін қосты.