Сәкен Майғазиев желіде өзін «Сәкеңнің тоқалымын» деген келіншектің үстінен арыз жазды (ВИДЕО)

97

Коллаж: turkystan.kz

Сәкен Майғазиев желіде өзін «Сәкеңнің тоқалымын» деген келіншектің үстінен арыз жазды (ВИДЕО): 31 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Әлеуметтік желіде «Сәкеңнің тоқалы» деген атпен тіркелген келіншек көптің назарын аударды. Ол TikTok-та тікелей эфирге шығып, тоқалдық өмір туралы әңгімелерімен бөлісіп жүрген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алайда жұртты қызықтырғаны — парақша атауы. Көрермендер оның сөзін Сәкен Майғазиев есімімен байланыстырып, видеоларын әншіге жібере бастаған.

Келіншектің айтуынша, осы жағдайдан кейін оның үйіне полиция келген. Құқық қорғау органдары эфирде өзін Майғазиевтің тоқалымын деп таныстырды ма деп сұраған.

«Мен еш жерде өзімді Сәкен Майғазиевтің тоқалымын деп айтқан жоқпын. Жай ғана «Сәкеңнің тоқалы» деп жаздым. Адамдар «н» мен «ң» әрпін ажырата алмай шатастырып жатыр», – дейді ол.

Оның сөзінше, полицияға барған кезде Сәкен Майғазиев пен жұбайы да сол жерде болған.

Екі тарап алғаш рет жүздесіп, бір-бірін танымайтынына көз жеткізген. Әңгіме барысында түсініспеушілік шешіліп, соңында бәрі тату тарқасқан. Келіншек оқырмандарына жалған ақпарат таратпауға шақырып, ренішін жеткізді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278914-policiia-bolimsesinde-aieli-de-boldy-saken-maigaziev-ozin-sakennin-toqalymyn-degen-kelinsektin-ustinen-aryz-zazdy-video

Leave A Reply

Your email address will not be published.