Сакен Мамытов нағыз елдің жанашыры

101
Туа бітті ауданда әр салада, сатылап еңбек етіп, қала,аудан басшысы болған азамат.
Анау мынау деп артық сөз айтудың өзі ұят.
Тырнақ астынан кір іздеп, табан астында айнып жүрген кейбір жандар білсе де білмеген болады.
Басқаны қайдам мен өзім сол ауданда тұрған жиырма бес жылымда қанша іскер азамат әкім болды.
Бірін бырт дедік, екіншісін шырт дедік, үшіншісін қырт дедік, общым құрт дедік. Құртып тындық.
Жасаған тірлігін көре алмадық, қолдан келер демеу бере алмадық.
Ұятта болса іштарлық пен өз қазағымызды өзіміз құртып, аяқтан шалдық.
Шапқылап, пышылдап, ысылдап, ырсылдап әрнәрсеге бардық. Арызды да , ауызды да тіктік. Қолдан келгенше сөктік.
Ата бабамызды сол өлтіргендей аямай қарғыс төктік.
Бірі келді, бірі кетті. Ойбай сеннен артығы жоқ деп, шыға сала жоғарыға жазарым көп деп, опшым ешкімді шақ келтірмедік.
Ұлды болайын деп тұрған ауданымды ұрпақсыз қалдырғандай, мін іздеп, улап шулап сын іздеп, қолдан келер бәлекеттің бәріне бәріміз болмаса да көп ішінен бөлінген , төрт бесеу жанымыз қалмады.
Ақыры жаңадан келген басшыны да, жанында жүрген қосшыны да жалмадық.
Дұрыс болды, енді жібі түзуі келеді деп, өзімізді алдадық.
Келген кезде қайта айналып қарғадық.
Бір сөзбен айтқанда жаңара алмадық.
Қабылдауға айфон ұстап барып, бес он мың қалтасынан болса да бере алмады деп болмашыға қармадық.
Әттең…сырттан келгенді де іштен шыққанды да түгін қалдырмай көпке апармай…
Мұнымен аудан халқын тексіз дей алмаймын, кейбір епсіздер болмаса…
Бір құмалақ май болып,шірітпей, ел арасын ірітпей, ішке біткен құрсақты да шығаруға ай күнін күтсек.
Солай келген басшының алға қойған жоспарын орындауына уақыт беріп, оны көріп, неге жемісін термеске.
Қате кетсе қарағым деп, дұрыс бағыт бермеске, жақсыларға еріп көрмеске.
Оның амалы барма мұндай қамқорлыққа ермеске.
Жақсы резултат бермеске. Егер ермесе, бермесе, барсыздар …
Айып етпеңіздер, абыройды кейбіріміз төкпеңіздер.
Өмірге өкпелеріңізді өзгеден көрмеңіздер.
Қолмен ұстап, көзбен көрмегенге сенбеңіздер.
Елдің айтағына ермеңіздер!
Босқа арам тер болмай, еңбекпен терлеңіздер!
Аудан десе алаңдап, Сарысу десе сағынып отыратын қыздарыңыздың жазбасын бұрыс көрмеңіздер!
Өз өзімізді сыйлап, өзгеге сыйлата білейік.
Ел аман жұрт тыныш болсын! Жаңа жыл құтты, ырысты жыл болғай!!!
Сондықтан Әкім біреу, біз оған тіреу болып аудан абыройын асқақтата берейік!
Дариха Пазылбекқызы, журналист

Leave A Reply

Your email address will not be published.