Сәби сатып құрыққа ілінді

124

Жаңа туған сәбиді сату фактісінің жолы кесілді

​Тараз қаласының прокуратурасы және Жамбыл облысы ПД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлескен жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жаңа туған сәбиді сату фактісі анықталды.

​12.01.2023 жылы аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталып, Тараз қалалық көп бейінді аурухананың 2 медициналық қызметкерлері ұсталды.

​Аталған тұлғалар ҚР ҚПК-нің 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергелу барысы қала прокуратурасының бақылауында.

​​​​​​​ Тараз қ. прокуратурасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.