«Ринатты қолдаңыздар»: Ақын Балғынбек Имашев көпшілікті ымыраға келуге шақырды

81

©instagram.com/balgynbek_imash/rinat_zaitov_resmi

“Біз бөлінбейміз! Біздің пікіріміз әртүрлі деп сіздер де бөлінбеңіздер. Бөріге жем болмайық. Айтыстарда қарсыласымызбен айтысқан кезде бір отбасының өзі екіге жарылып, күйеуі бірімізді қолдаса, әйелі бірімізді қолдап, көрермен қақ жарылып жатады. Кешелі бері Ринатқа байланысты  әңгімемізге де халық қақ жарылып жатыр. Көп азамат ымыраға шақырып жатыр, түсінбей жатыр. Бірақ Ринат екеуміз сол күні-ақ телефонмен келісіп, бір-бірімізбен сөйлесіп, ымыраға келген болатынбыз. Уайымдамаңыздар. Ел бір болсын, намазхан болсын, басқа болсын, бір қазақпыз. Ел іші ажырап, ыдырап кетпесін деп алаңдаушылықпен салып отырмыз. Ринатты қолдаңыздар, еш қарсылығым жоқ. Ринатқа қарсы емеспін, бір-екі пікіріне қарсы болғанмын, кез келген адамның құқығы», – дейді Балғынбек Имашев.

Айта кетейік, бұған дейін Балғынбек Имашев намазхандарды “алаяқ” деп айыптаған Ринат Зайытовпен ашық айқасқа шыққан болатын.https://stan.kz/rinatti-koldanizdar-akin-balginbek-imashev-kopshilikti-388609/

Leave A Reply

Your email address will not be published.