Қазақстан ВВС-ге жарты минуттық видео орналастыру үшін 63 миллион теңге төлеген

71

Видеодан скриншот

ProTenge мәліметінше BBC World News арнасы 30 секундтық видеоны Еуропа, Таяу Шығыс пен Орталық Азияда екі апта көрсетуі керек болған.

«Сонымен қатар баннерді ВВС-дің барлық сайттарында орналастыруы керек. Келісімшарт Түркістан облысының туризм басқармасы мен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы арасында жасалған», – деп мәлімдеді сарапшылар.

Бейнеролик «турзимді дамытуда жоғары көрсеткішке жету» үшін дайындалған екен.

«Бізде келесі сұрақ туындайды: туризм басқармасы өздері қалаған көрсеткішке жете алды ма?» – деп жазды Telegram-арнаның өкілдері. https://stan.kz/kazakstan-vvs-de-zharti-minuttik-video-ornalastiru-ushi-388611/

Leave A Reply

Your email address will not be published.