Республика күніне орай облыс орталығындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты автомобиль жолдары комитеті төрағасының кубогына арналған турнир өтуде. Аталған жарыста 8 команда атап айтқанда, «Құрылыс жұмыстары бойынша Комитеті» орталық аппараты, «ҚазЖол Ғылыми Зерттеу Институты» (Алматы қаласы), «Жол активтері Ұлттық сапа орталығы» орталық аппараты, «Жол активтері ұлттық сапа орталығының»
Жамбыл облыстық филиалының командасы мен Алматы, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда облыстарынан «Қазақавтодор», ЖАҰСО /Жол активтері ұлттық сапа орталығы/ және «Қазавтожол» мекемелерінің намысын қорғаушы құрамалар бақ сынасып жатыр.
Бұл күндері 80-ге тарта қатысушы спорттың екі түрі бойынша: волейбол және шағын футболдан кім мықтыны анықтайды. Нәтижесінде жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталып, үздіктер марапатталады.
Айта кетейік, бұл турнир еліміздің 3 қаласында жеке-жеке ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Ақтау, Өскемен және Тараз қалаларында бөлек-бөлек өтеді. Әр аймақтағы командалар алдымен өзара күш сынасып, жеңімпаздар елордада өтетін ақтық сынға жолдама алады.