Республика күніне орай шахматтан турнир өтті

43

25 қазан – Республика күніне орай, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде сотталғандар арасында жылдам шахматтан турнир өткізілді.

А.Момынжановтың төрешілігімен өткен турнирге 27 сотталған қатысты. Сотталғандар арасында өткізілетін іс-шаралар қатысушыларға қызықты уақыт өткізуге мүмкіндік беретін, мекемедегі жақсы дәстүрлердің бірі.

Турнирға белсенді қатысып, жеңіске жеткен сотталғандар іс-шара соңында марапатталды. Атап айтқанда, І орынды – А.К., ІІ орынды – Б.К., ІІІ орынды У.Г. есімді азаматтар иеленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.