Республика күні мерекесі қарсаңында Жуалы ауданына қарасты Күреңбел ауылдық округінде таза ауызсу жүйесі пайдалануға берілді

53
Аталған жоба ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға, елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтуға бағытталған.
Салтанатты шараға аудан әкімі Жалғас Мұртаза, ауыл ақсақалы Жетпіс Көпбаев, алқа би төрағасы Еркебай Нағашбеков, сондай-ақ жобаның сәтті орындалуына атсалысқан ұжым атынан «ТаразСтрой – 2004» ЖШС директорының орынбасары Ақтөре Жәкен қатысып, тұрғындарды игі істің жүзеге асуымен құттықтады.
Салтанатты түрде лента қию рәсіміне аудан әкімі мен ауыл ақсақалдары қатысып, ел игілігіне бағытталған нысанның жұмысын ресми түрде іске қосты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.