Республика күні қарсаңында Қордай ауданында 4 спорт нысаны пайдалануға берілді

23
 Шағын футбол алаңдарының лентасы салаттанатты түрде қиылып, ақсалдар батасын беріп, ақ жаулықты әжелер шашуын шашты.
➤ Атап айтқанда, Ноғайбай ауылы балаларының игілігіне шағын футбол және «Street workout» алаңы берілді.
➤ Қордай ауылының шағынаудандарында да 2 су жаңа шағын футбол алаңы ашылды.
➤ Бұл күні мерекеге орай жас жеткіншектерге спорттық құрал-жабдықтар тарту етіліп, шағын футболдан жолдастық кездесу өткізілді.
➤ Айта кетейік, шағын футбол алаңшаларының құрылысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Жыл соңына дейін тағы 5 шағын футбол алаңы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
➤ Жамбыл облысында ағымдағы жылы 12 спорт кешенін пайдалануға беру жоспарланған десек, оның төртеуі ел игілігіне табысталды.
➤ Бұдан бөлек, 45 спорт алаңы ашылды (жоспар – 74).
➤ Биыл халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейін 66%-ға (2023 ж. — 64,9%), дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесін 41%-ға (2023 ж. — 40,2%) жеткізу жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.