Ресми ақпарат

63

2023 жылдың 17 шілдесінде сағат 01:29 шамасында Шу ауданы Аспара станциясында «Тараз-Шу» бағытындағы жүк пойызының вагондары жолдан шығуына байланысты жолаушылар пойыздары тоқтатылған болатын.

Нақтырақ айтқанда, 1 электровоз, 1 тепловоз, 4 вагон релістен шығып кеткен. Салдарынан вагондағы бір күзетші дене жарақатымен Шу қалалық ауруханаға жеткізілген.

Сондай-ақ, 50 метр темір жол жолдары зақымдалып, 12 жолаушы пойызының кешігуі орын алған.

Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов пен Шу ауданы әкімі оқиға орнында барлық тиісті шараларды қолға алуда.

— Түннен бері осындамыз. Түске дейін екі жолдың біреуі іске қосылып, жолаушы пойыздардың жүруі қайта қалпына келтірілді. Екінші жолда жұмыстар жалғасуда. Қосымша мәлімет беріледі. Техника да, мамандар да жеткілікті. Жолда қалған жолаушыларға су таратылып, қажетті көмек көрсетілуде,-деді Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков

Қазіргі таңда ҚТЖ мекемелерінің 100-ге жуық қызметкерлері жұмылдырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жолдар ашылып, пойыз қатынасы жолға қойылуда.

Жамбыл облысы Төтенше жағдай департаментімен жедел штаб құрылып, азаматтарды психологиялық қолдау үшін «жедел желі» іске қосылды:
8(7262) 51-35-75
8(7262) 51-41-67

Leave A Reply

Your email address will not be published.