Аудан әкімі Саудакентте болып, абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты

95

Кеше аудан әкімі Сәкен Мамытов Саудакент ауылында болып, бірқатар нысандарды аралады.
Атап айтқанда, ауыл тұрғындары демалатын орындар, саябақтардың, спорт алаңшаларының жағдайларын көріп, тазалық, абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.
Биыл туғанына 180 жыл толып отырған қобызшы Ықылас Дүкенұлының мемориалдық кешенінде болып, кешеннің жағдайын көрді.
Қобыз кешенін биылғы мерейтойға байланысты ретке келтіру, ауыл тазалығы, абаттандыру, ауылды көріктендіру және көгеріштендіру жұмыстарына байланысты ауылдық округ әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.