Пенза, Саранск, Саратов, Ульяновск және Қазан әуежайларында рейстер тоқтатылған.
Басылымның мәліметінше, шектеулер украиналық әскери дрондардың шабуылына байланысты енгізілген.
- Ақтаудағы ұшақ апатынан соң бес ел Ресейге баратын рейстерді тоқтатты
- Қазақстан елшілігі Ресейге баратын қазақстандықтарға ескерту жасады
«Ресейдің қорғаныс министрлігі сәрсенбі күні кешке екі рет ел аумағында: Ростов, Воронеж, Белгород, Тула, Орел, Курск және Брянск облыстарының үстінде ұшқышсыз ұшақтардың жойылғанын хабарлады», – делінген ақпаратта.
Еске салсақ, бұған дейін “Росавиация” басшысы Ресейдің Грозный қаласына қона алмай Ақтау маңында құлаған ұшақ апаты кезінде де украиналық дрондардың шабуылына байланысты Грозный аспаны жабылғанын мәлімдеген еді.
фото: ria.ru
https://stan.kz/reseydin-birneshe-kalasindagi-auezhaylarda-yshuga-shekt-411984/