Ресей тергеушілері Пригожиннің өлімін растады

55

Ресей Федерациясының Тергеу комитеті Евгений Пригожиннің қайтыс болғанын растады.

«Тверь облысында болған ұшақ апатын тергеу аясында молекулалық-генетикалық сараптамалар аяқталды. Олардың нәтижелері бойынша барлық қаза тапқан 10 адамның жеке басы анықталды, олар ұшу парағында көрсетілген тізімге сәйкес келеді», – делінген министрлік хабарламасында.

23 тамызда Тверь облысында “Вагнер” жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожинге тиесілі жеке ұшақ апатқа ұшырады.

 

https://turkystan.kz/article/231649-resey-tergeushileri-prigozhinnin-olimin-rastady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.