QazaqGaz басшылары 36 айлық көлемінде бонус алғаны үшін тексеріліп жатыр

63

«QazaqGaz» компаниясының еншілес ұйымдарында қаржылық тексеріс жүріп жатыр және бұрынғы басшылыққа берілген 36 айлық көлеміндегі бонустар аудиторлардың назарына ілікті.
Бұл туралы мұнай-газ саласының сарапшысы Олег Червинский өзінің Telegram-арнасында жазды. Оның мәліметінше, QazaqGaz бен оған қарасты ұйымдарда Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) тексерісі басталған және ол сәуір айының соңына дейін аяқталуы тиіс.

«Біздің дереккөздердің хабарлауынша, аудиторлар Интергаз Орталық Азияның бұрынғы басшылығына бонус есептеу мен төлеу жүйесіне ерекше назар аударған. Самұрық-Қазына қоры бонусты 24 айлықтан асырмауды бекіткеніне қарамастан, өткен жылдың қорытындысы бойынша 36 айлық көлемінде төлем жасалған жағдайлар анықталған көрінеді. Онда мемлекеттік холдингтің процедуралары немесе Қазақстан заңнамасы бұзылғаны әзірге белгісіз, бұл туралы қоғам міндетті түрде хабардар етілетін тексеру актісінен білеміз деп үміттенеміз», – деп жазды сарапшы.

Интергаз Орталық Азия ұйымы QazaqGaz ұлттық компаниясының құрамына кіреді және еліміздің бүкіл газ тасымалдау жүйесін басқаратын ірі ұлттық оператор саналады.

Бұған дейін 2025 жылы осы компанияға қарасты Магистральдық газ құбырлары басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары 279 миллион теңге жымқырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол шыны зауытына баратын резервтік газ құбырының құрылысы кезінде жұмыс құнын асыра көрсетіп, жалған құжаттарға қол қойған.

Фото: ЖАП

Politico.kz.

Leave A Reply

Your email address will not be published.