Путин әлем күтпеген мәлімдеме жасады

42
Путин әлем күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: Ақорда
https://turkystan.kz/article/260260-putin-alem-kutpegen-malimdeme-zasady

Ресей Украинаға 15 мамырда Ыстанбұлда тікелей келіссөздерді қайта бастауды ұсынып отыр, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.

«Киев билігіне 2022 жылдың соңында олар үзген келіссөздерді қайта бастауды, тікелей келіссөздерді және ешқандай алғышартсыз қайта бастауды ұсынамыз. Дереу, келесі бейсенбіде, 15 мамырда Ыстанбұлда бастауды ұсынамыз», — деді Путин Кремльде БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде.

Ол сондай-ақ Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөздерді ұйымдастыру мәселесін 11 мамырда талқылауды жоспарлап отырғанын айтты.

«Біз бұл келіссөздер барысында атысты тоқтату және нақты бітімге келу туралы келісімге келуге болатынын жоққа шығармаймыз», — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.