«Прокурорлардың батылдығы жетпеді»: Боранбаев сотта сөз сөйледі

80

Бүгін елорданың Сарыарқа аудандық №2 сотында Қайрат Боранбаев соңғы сөзін сөйледі деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Құрметті сот, сізге өз құқығымды қорғау үшін жүгінемін. Бұл істе прокурорлардың өз қателіктерін мойындауға батылдығы жетпеді. Осы орайда сот жіберілген қателіктерді түзетуге, әділдік пен заңдылықты қалпына келтіруге батылдығы жетеді деп үміттенемін. Өз қателіктерін мойындай алса, ол еркін адам», – деді Боранбаев.

Сондай-ақ айыпталушы «АзияГазЧунджа» және «Qazaq Gaz» арасындағы мәміледен мемлекетке шығын келген болса, оны өтеуге дайын екенін жеткізді.

«Құрметті сот, сіз заң өкілісіз. Біздің ісімізде ұрандатушылық жоқ, біз жасаған мәміле тек коммерциялық сипатқа ие. Тергеу басталғаннан бері «АзияГазЧунджа» және «Qazaq Gaz» арасындағы мәмілені коммерциялық және заңды деп санап келдім, мүмкін мен қателескен шығармын. Сондықтан егер Qazaq Gaz мемлекет атынан бұл мәміледен шын мәнінде залал келтірілді деп есептесе, онда мен тергеу кезінде тапқан табысымды қайтаруға дайынмын. Бүгінде залал толық көлемде өтелді. Осы орайда заңды шешім қабылданады деп үміттенемін», – деді ол.

https://turkystan.kz/article/218561-prokurorlardyn-batyldygy-zhetpedi-boranbaev-sotta-soz-soyledi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.