Процестік мәжбүрлеу шараларының түрлері

45

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдік –процестік кодексі қолданысқа енгізіліп, Президент Жарлығы негізінде жаңа мамандандырылған әкімшілік соттар өз жұмысын бастап кетті.

Жаңа заңға енгізілген басым жаңалықтардың  бірі – әкімшілік процеске қатысатын тұлғаларға процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану болып табылды, яғни  1). Ескерту; 2). сот отырысы залынан шығарып жіберу; 3). ақшалай өндіріп алу.

Осы мәжбүрлеу шараларының ішінде ақшалай өндіріп алуға тоқталып кетейік.

Қазақстан Республикасы әкімшілік рәсімдік – процестік кодекстің (әрі қарай –ӘРПК) 127 бабы негізінде ақшалай өндіріп алу жеке тұлғаға, лауазымды адамға, заңды тұлғаға не оның өкіліне он айлық есептік көрсеткіштен бастап бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде қолданады.

Сот ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы ұйғарым шығарады, оның көшірмесі ақшалай өндіріп алу қолданылатын адамға табыс етіледі.

Ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы мәселені қарау өзіне қатысты мәжбүрлеу шарасы қолданылатын адамға алдын ала хабрлана отырып, сот отырысында жүргізіледі.

Сот процестік құқықтарды теріс пайдалантаын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде сот белгіенген мерзімді дәлелесіз себептермен бұза отырып дәлелдер ұсынылған, тапсырмалар орындалға жағдайларда, егер бұл әкімшілік істі қараудың созылуына алып келсе, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.

Соттың талабын , сұрау салуын орындамағаны, әкімшілік іске қатысушы адамның сотқа келмегені, сотқа уақытылы хабламағаны, кері қайтарып алуды уақытылы бермегені, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбағаны, сотта белгіленген қағидаларды бұзғаны, сондай –ақ сотты және судьяны құрметтемегені туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) үшін  сот жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өніріп алуды қолдануға құқылы.

Сонымен қатар, соттын шешімін, соттың тараптардың татуласу, медиация немеседауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеутуралы кеісімін бекіту туралы ұйғарымын орындамағаны үшін сот осы сот актісінде ол бір айдан аспайтын мерзім ішінде орындауғажататын мерзімді көрсете отырып, жауапкерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алу құқылы.

Ақшалай өндіріп алуды төлу ұйғарым табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады және ол республикалық бюджеттің кірісіне өндіріп алынады.

Сот тәржірбиесінде көбінесе ақшалай өндіріп алу  жауапкер тарапынан сот белгілеген мерзімде уәжді пікірмен уәжді ұстанымды уақытылы сотқа ұсынбауына байланысты ақшалай өндіріп алу қолдануда.

Әкімшілік процеске қатысатын тұлғаларға процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану жария –құқықтық қатынастардан туындайтын істерді қарау барысында заңдылықтын сақталуын қамтамасыз етумен қатар тараптардың жауапкершілігін күшейтуге оң ықпал етуде.

Жамбыл облысы  мамандандырылған ауданаралық  әкімшілік соты судьясы                                                        А. Саулембекова

Leave A Reply

Your email address will not be published.