Балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін кадрлық әлеует едәуір күшейтілді: қорғаншылық органдарының мамандарының саны үш есеге жуық артып, 303-тен 896 адамға жетті. Бұл отбасылардың қажеттіліктеріне дер кезінде жауап беруге мүмкіндік береді. Білім беру мекемелерінде де физикалық қауіпсіздік шаралары нығайтылуда: мектептердің 97%-ы лицензияланған күзетпен келісімшарт жасасқан, ал 98%-ы турникеттермен жабдықталған.
Кешенді шараларда қосымша білім беру саласын дамыту да қарастырылған. Елімізде 2 142 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді, ола 3,3 млн баланы немесе олардың 87,2%-ын қамтиды. Бұл балалардың қабілеттерін дамытып қана қоймай, сонымен бірге бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуіне мүмкіндік береді.
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.