Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесіндегі жазасын өтеуші азаматтар ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауын тікелей эфирден тыңдады. Сотталған азаматтар ел дамуының кезекті жолдарын айқындап беретін Мемлекет басшысының Жолдауын тапжылмай тыңдап, қандай әлеуметтік-экономикалық салаларға басымдық берілетіндігіне қанықты.
Президент бұл жолғы Жолдауында Қазақстан тұрғындарының әл-ауқытының жақсаруына бағытталған бірнеше жоспарларды, атқарылуға тиісті міндеттерді саралай келіп, тиісті министрліктер мен ведомство басшыларына тың тапсырмалар жүктеді.
щ
– Жолдау жаңа бастамалардың басы. Биылғы Жолдауды тыңдай отырып, барлық салаға ерекше көңіл бөлінгені қуантады. Шын мәнінде, ұйымдасқан ұтады. Мықты мемлекет болу үшін ұлттың ұйыса білуі айрықша маңызды, — дейді жазасын өтеушінің бірі.
Әбдуғани Құдайқұлов,
ЖД-158/4 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысын жүргізу бөлімінің бастығы әділет капитаны.