Президент Жеңіс Қасымбекке қала ахуалын жақсартуға бір жыл уақыт берді

149

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімінің жұмысын өз бақылауында болатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Астана бас қала деген атауға лайық болуға тиіс. Астана көркейсе, бүкіл еліміздің еңсесі биік болады. Астана Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі өзгерістерге ұйытқы болуы керек. Жалпы, қаланың күнделікті тыныс-тіршілігі ұдайы назарда болуға тиіс. Әкімге қаланың ахуалын жақсы жағына қарай өзгерту үшін бір жыл уақыт беремін. Сіздің жұмысыңыз менің бақылауымда болады. Барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Бірақ жұмыстың негізгі өзегі – сіздің қолыңызда. Табыс тілеймін», – деді Мемлекет басшысы елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

https://turkystan.kz/article/227556-prezident-zhenis-kasymbekke-kala-ahualyn-zhaksartuga-bir-zhyl-uakyt-berdi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.