Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүйесіз жүргізіліп жатқанын атап өтті, — деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жергілікті билік пен қоғам белсенділері бұл мәселеге жеткілікті көңіл бөлмей отыр.
«Қазір осы бағыттағы шаралар әртүрлі құжаттармен реттеледі, бірақ олар шашыраңқы. Сондықтан бәрін бір жерге жинақтап, “Қазақстан балалары” атты біртұтас бағдарлама қабылдау қажет», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Президент білім мен тәрбие қатар жүруі керек екенін айтты. Бұған дейін білімге басымдық беріліп, ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас болмағанын сынға алды. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», – деп, осы салаға ерекше көңіл бөлу қажеттігін жеткізді.