Президент «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысты

65

Ақорда

https://turkystan.kz/article/270055-prezident-qorqyt-ata-xalyqaralyq-auezaiynyn-zana-terminalymen-tanysty
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Президентке әуежай қызметі, ішкі және халықаралық әуе рейстеріне қызмет көрсету процесі жөнінде баяндалды.

Мемлекет басшысына жолаушыларды тіркеу және тексеру аймақтары, шекаралық-кедендік бақылау пункттері, күту залы, сондай-ақ автоматтандырылған жүк беру жүйесі көрсетілді.

Жаңа терминал былтыр қараша айында ашылған. Жобаға 16,6 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция салынды.

Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізуге 4,3 миллиард теңге бөлінді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/270055-prezident-qorqyt-ata-xalyqaralyq-auezaiynyn-zana-terminalymen-tanysty

Leave A Reply

Your email address will not be published.