Польша 4 күндік жұмыс аптасына көшпек

81
сурет: istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/262817-polsa-4-kundik-zumys-aptasyna-kospek

Польша жалақы сол күйі сақталатын 4 күндік жұмыс аптасына көшпек, дегенмен, қызметкерлерге бірнеше таңдау ұсынылады, деп хабарлайды turkystan.kz devby.io-ға сілтеме жасап.

Польшада 2024 жылғы 30 маусымнан бастап 4 күндік жұмыс аптасын сынақтан өткізу жобасы басталады. Жобаға жеке компаниялар мен мемлекеттік мекемелер қатысады. Қызметкерлер үшін бірнеше нұсқа қарастырылған:
– күн сайын 6 сағаттан жұмыс істеу,
– аптасына 3 күн демалу,
– немесе қосымша демалыс күндерін жинау.

Экспериментке қатысушыларға жұмыс кестесін қайта құру үшін 1 миллион злотыйға дейін қаржылай қолдау көрсетіледі.

Ел билігі бұл бастаманы 2027 жылғы қарашаға дейін міндетті түрде енгізуді жоспарлап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.