«Полицияға өзі хабарлаған»: Шымкентте 29 жастағы әйел ер адамды пышақтап өлтірді

108

Шымкентте әйел ер адамды пышақтап, бір күнен кейін полицияға өзі хабарлаған деп жазды turkystan.kz.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, оқиға әл-Фараби ауданында болған. 29 жастағы әйел ер адамды өлтіріп қойғаны туралы полицияға өзі хабарлаған.

«1994 жылы туған азаматша өзімен бірге тұратын 1992 жылы туған азаматты қасақана өлтіргені туралы хабарлама түсті. Екеуінің арасында тұрмыстық жанжалдан соң, әйел ер адамның кеуде тұсынан ас үй пышағымен ұрған. Ер адам сол жерде қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Аталған жайт Қылмыстық кодексің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Іс бойынша бірқатар сот сараптамасы тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

https://turkystan.kz/article/221053-politsiyaga-ozi-habarlagan-shymkentte-29-zhastagy-eyel-er-adamdy-pyshaktap-oltirdi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.