Петропавл тұрғыны үш айлық немересінен бас тартып отыр

98

Петропавл тұрғыны үш айлық немересінен бас тартып отыр

Петропавлда 39 жастағы әйел басқа қалаға жұмысқа кеткен қызының сәбиінен бас тартып, 3 айлық баланы полиция инспекторына ұстатып жіберген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 15 қарашада Петропавл қалалық ІІБ ювеналды полиция бөліміне қорғаншылық бөлімінен 39 жастағы әйелдің 3 айлық немересінің тағдырын шешуге көмек сұрағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Хабарламада қазанның соңында баланың 18 жастағы анасы басқа қалаға жұмысқа кетіп, қайтып оралмағаны айтылған. Ал 39 жастағы әжесі мемлекеттік органдардан баланы өзінен алып кетуді сұраған.

«Аталған мекенжайға барған ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері акт жасап, баланы облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жатқызды.

Қазір полицейлер баланың анасының қайда екенін анықтап жатыр. Ал анаға қатысты ата-аналық міндеттерін орындамау мәселесі бойынша комиссия қарауымен әкімшілік шара қолданылатын болады», — делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.