Педагогтардың жалақысы 2023 жылға қарай 2 есе көтеріледі

200

2023 жылға қарай білім беру жүйесі білікті мұғалімдермен 100 пайыз қамтылады. Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Педагогтардың жалақысы 2023 жылға қарай 2 есе көтеріліп, 330 мың теңгеден асады. Орташа жалақы жыл сайын кемінде 25 пайыз өседі», — деді А. Мамин. Оның айтуынша, 2023 жылға қарай білім беру жүйесі білікті мұғалімдермен 100 пайыз қамтылады. Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет NurOtan партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының алдында сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша тиісті Жол картасының жобасын ұсынды. Жол картасы Сайлауалды бағдарламасының төрт бағыты бойынша 362 іс-шарадан тұрады.

 

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.