Павлодарда үстіне кірпіш құлаған адам 1 млн теңге өндіріп алды

94

Павлодарда жол-көлік оқиғасында үстіне кірпіш құлаған адам 1 млн теңге өндіріп алды деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Т.-ның Б.-ға қатысты моральдық зиянды өндіру туралы талабы бойынша істі қарады.

«Іс бойынша Б. кінәлі болған жол-көлік оқиғасының салдарынан қоршаудың кірпіштері опырылып, Т.-ның денсаулығына орташа дәрежедегі зиян келтіргені, дене жарақатын алғаны анықталды. Қылмыстық іс рақымшылық актісінің қолданылуына байланысты тоқтатылды», – делінген хабарламада.

Алайда, зардап шегуші Т. хирургиялық ота жасатқанын, одан кейін ұзақ уақыт бойы қозғала алмай қалғанын, қорқыныш, күйзеліс, тітіркену, реніш, мазасыздық сезімдерін сезініп жүргенін алға тартып, жауапкерден өзінің пайдасына 3 млн теңге өндіруді сұрады.

«Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап ішінара қанағаттандырылды: Б.-дан Т.-ның пайдасына 1 000 000 теңге өтемақы өндірілді», – деді баспасөз қызметінде.

Апелляциялық шағымда Т. өтеу мөлшерін өзі сұраған сомаға дейін көтеруді сұрады. Өз кезегінде жауапкер де апелляциялық шағым түсіріп, өтеу сомасын 500 мың теңгеге дейін азайтуды сұрады.

Сот алқасының қорытындысы бойынша шағымданған шешім өзгеріссіз, тараптардың аапелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.

https://turkystan.kz/article/214030-pavlodarda-ustine-kirpish-kulagan-adam-1-mln-tenge-ondirip-aldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.