Павлодарда қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды

115

Павлодарда қоқыс жәшігінен шала туған сәбидің денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
7 наурыз сағат 12:47-де Павлодар қаласының полициясына тұрғындар хабарласқан. Олар Бұқар Жырау көшесінде үйдің ауласында орналасқан қоқыс жәшігінде нәрестенің мәйіті жатқанын жеткізген.

«Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері барды. Дәрігерлердің айтуынша, сәби 6 айлық болып туған», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. «Жаңа туған баланы анасының өлтiруi» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды.
https://turkystan.kz/article/215838-pavlodarda-konildesine-pyshak-sukkan-eyel-sottaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.