Павлодарда бес жасар қыз 5-қабаттан құлап кетті

102

27 сәуір күні Павлодар қаласына қарасты Мойылды ауылында қыз бала бесінші қабаттан құлаған деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сағат 12:41 шамасында 2018 жылы туған бала бесінші қабаттан құлап кеткен. Ол сағат 13:20-да облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне жеткізілді.

«Баланы травматолог, хирург, реаниматолог қарады. Содан кейін шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Жабық бас сүйек-ми зақымы, мидың шайқалуы, оң жақ өкпенің зақымдалуы, іштің сыздап ауруы анықталды. Ота жасалды», – деді басқармада.

Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда.

https://turkystan.kz/article/221356-pavlodarda-bes-zhasar-kyz-5-kabattan-kulap-ketti/

Leave A Reply

Your email address will not be published.