Павлодарда баспана іздеген шетелдіктердің саны артты

102

Павлодарда баспана іздеген шетелдіктердің саны артты. Әзірге олардың ішінде ешкім босқын мәртебесін алмаған деп хабарлады Turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарманың басшысы Альмира Дисюпова мәлім етті.

«Жиырма жетінші қаңтардан бастап Еуразия экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтары үшін Қазақстан республикасында болу мерзімін шектеуді көздейтін өзгерістер күшіне енді», – деді спикер.

Оның айтуынша, шетелдіктер үшін әр алты ай ішінде 90 күндік лимит белгіленді.

Бұған дейін мұндай заңнама реттелмей, ЕЭО елдерінің азаматтары тіркеу рәсімдерін айналып өтіп, әр 90 күн сайын шығып-кіріп жүріп, Қазақстанда тұрақты болу мүмкіндігіне ие болатын.

Альмира Дисюпова шетелдіктердің көп келуіне қарамастан, уақытша тіркелгендердің саны жыл сайын азайып жатқанын атап өтті. 2022 жылы олардың саны 12% -ға төмендеді.

Сонымен қатар Павлодар облысына Украина, Ресей мен Германия елдерінің азаматтарының жиі келуі байқалады, бірақ әзірге ешкім босқын мәртебесін алған емес.

Өз аумағында жүргізіліп жатқан соғысқа байланысты өз елінен кеткен азаматтар босқындар деп саналады. Бірақ Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыста Қазақстан бейтарап ұстанымға ие болғандықтан, бұл елдердің азаматтары баспана іздеушілер арасына кіреді.https://turkystan.kz/article/211774-pavlodarda-baspana-izdegen-sheteldikterdin-sany-artty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.