Павлодарда әйел үйіне жасырын кіріп, өзін зорлаған ер адамға сотта кешірім берді

20

Павлодар сотында бөтен үйге кіріп, үй иесін зорлаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот жабық есік жағдайында өткендіктен, істің мән-жайы туралы айтылмаған. Алайда жәбірленуші әйелдің мүмкіндігі шектеулі екені белгілі. Сотталушы мас күйінде түнгі уақытта оның үйіне жасырын кіріп, оның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен.

Ер адамға «бөтеннің үйіне кіру» және «зорлау» баптары бойынша айып тағылды.

Прокурор күдіктіні алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

 

Сотта жәбірленушінің өкілі мен адвокаттары жәбірленушінің сотталушымен татуласқанын, моральдық шығынның өтелгенін айтты. Олар әйелдің күдіктіге қатысты талап-арызы жоқ екенін айтып, соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Сотталушының өзі кінәсін мойындап, соттан өзін шартты түрде жазалауды сұрады.

Сот айыпталушыны «зорлау» бабы бойынша бес жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындап, бұл бап бойынша шартты жаза қарастырылмайтынын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін қыз зорлады деп айыпталған танымал боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылғаны туралы жазған едік.

 Stan.kz ақпарат агенттігі

Фото: depositphotos.com

Leave A Reply

Your email address will not be published.