istockphoto
https://turkystan.kz/article/265050-pavlodarda-anasy-terezeden-laqtyryp-zibergen-bala-qaitys-boldy
Павлодарда туған анасы бесінші қабаттан лақтырып жіберген екі баланың бірі көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бала өлімі туралы Павлодар облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенова Instagram-парақшасындағы стористе хабарлады.
«Өкінішке қарай, дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, кішкентай ұлдың жүрегі тоқтап қалды», – деп жазды ол.
Бұл ақпаратты Павлодар облыстық балалар ауруханасы да растады. Онда дәрігерлер екі күн бойы сәбидің өмірі үшін күрескен.
«1 тамызда баланың жағдайы (2024 жылы туған — еск.) күн бойы өте ауыр және тұрақсыз болды. Кешке қарай жағдайы нашарлап, сағат 20:10-да жүрегі тоқтады. 20:40-та қайтыс болғаны расталды», – деп хабарлады аурухана өкілдері.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/265050-pavlodarda-anasy-terezeden-laqtyryp-zibergen-bala-qaitys-boldy